05:11, 15 Қазан 2015 | GMT +5
Анкарадағы жарылыс құрбандарының саны 106 адамға жетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркия астанасындағы теракті құрбандарының саны 106 адамға жетті, деп хабарлайды жергілікті Milliyet басылымы. Бұдан бұрын ажал құшқандар саны 97-ге жеткені туралы хабарланған болатын.

Еске салайық, сенбі күні Анкарада «Еңбек. Бейбітшілік. Демократия» бейбіт наразылық шеруі кезінде 2 жарылыс орын алған болатын. Шеруге қатысушылар түрік билігі мен күрдтер арасындағы әскери қақтығыстарды тоқтатуды сұраған еді. Анкарадағы теракт салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ.