Анкарадағы жарылыста 4 адам мерт болды, 15-і жараланды
АСТАНА. 4 ақпан. Түркия астанасындағы жарылыс 4 адамның өмірін қиып кетті, 15-і әртүрлі жарақат алды, деп хабарлады РБК агенттігі.
Түріктің NTV телеарнасының хабарлауынша, оқиға бояу өндірісі компаниясының ғиараты алдында болған. Жарылыстың әсерінен күшті өрт шығып, ғимарат пен оның жанындағы автотұрақта тұрған автомобильдерді өрт шарпыды. Телеарнаның хабарлауынша, ғимаратта 10-12 адам шыға алмай қалған.
Бұдан бір күн бұрын түрік астанасы ірі бизнес орталықтарының біріндегі жарылыста кемінде 6 адам мерт болып, тағы 34-і жараланған болатын. Алдын ала мәліметтер бойынша, жарылысқа газ шығуы себепші болған.