Анкарадағы жарылыстан қаза тапқандардың саны 28-ге жетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркия астанасында болған жойқын жарылыс салдарынан 28 адам көз жұмып, 61-і жараланды. Қаза тапқандардың басым бөлігі - əскери қызметкерлер. Бұл туралы Түркияның бұқаралық ақпарат құралдары хабарлады.
None
None

Сондай-ақ жарылыс алаңында қарапайым азаматтар да болған. Билік қаза болғандар мен зардап шеккендердің тізімін толық дайындаған жоқ. Сондықтан олардың саны әлі де артуы мүмкін. Барлық жараланғандар Анкараның 14 ауруханасына жеткізілді. Кейбіреулеріне шұғыл ота жасау қажет болған. Олардың арасында жағдайы тым ауырлар да бар, деп жазады 24.kz.

Соңғы жаңалықтар