Анкарадағы жарылыстан зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ - ҚР СІМ

Еске салсақ, 17 ақпанда сағат 18.31-де түрік астанасы орталығында, парламент пен бас штаб ғимаратына жақын жердегі қиылыста мина қойылған көлік жарылды. Бұл Түркия бас штабының әскерилерін әкеле жатқан көлік бағдаршамның қызыл белгісіне тоқтаған кезде орын алды. Жарылыс орны өртке оранды. Қала төбесінде тікұшақтар шарлап жүр. Лаңкестік орны қоршауға алынды.
«Жиырма сегіз адам қаза тауып, 61 адам жарақат алды. Зардап шеккендер Анкара ауруханаларына жеткізілді. Бұл біздің әскерилерге ғана емес, барша халыққа жасалған шабуыл. Бұл лаңкестікті жасағандарды табу үшін қолдан келгеннің барлығын жасаймыз», - деді Түркия вице-премьері Нуман Куртулмаш баспасөз конференциясында.
Куртулмаш әзірге лаңкестікті кім ұйымдастырғаны белгісіз екенін мәлімдеді. Тергеуді жеті прокурор жүзеге асыруда.
Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған бейсенбіге белгіленген Әзербайжанға сапарын, премьер Ахмет Давутоглу - Брюссельге сапарын кейінге қалдырды.