Анкарадағы жарылысты көшедегі бақылау камерасы түсіріп алған - ВИДЕО
АСТАНА. ҚазАқпарат - Анкарадағы жарылысты көшедегі бақылау камерасы түсіріп алған. Бірер сәт бұрын видео Уoutube желісінде пайда болды.
Естеріңізге сала кетейік, оқиға 13 наурыз күні кешке қарай автобус аялдамасында болған. Салдарынан бір автобус пен бірнеше жеңіл көлік тұтастай жанып кеткен.
Алдын ала болжам бойынша, мина қойылған көлік автобусқа таяп келгенде жарылғыш зат іске қосылған. Әуелгі таратылған хабарламада қаза тапқандардың саны 15 адам екені айтылған, кейін 25 адам ажал құшқаны анықталды. Соңғы мәліметке сәйкес, олардың саны 27-ге жетіп, 75 адам жарақат алғаны белгілі болды.