Анна Данилина Астанадағы жарыстың жартылай финалына шықты
Жарыстың бірінші ракеткалары болып тіркелген А.Данилина Беларусь өкілі Ирина Шимановичпен бірге ширек финалда таилықтар Луксика Кумхум - Пеангтарн Плипукты 6:2, 6:1 есебімен тізе бүктірді.
Қазақстандық-белоруссиялық жұп финалға шығу үшін нидерландылықтар Ясмин Гимбрере - Бибиана Схоофспен таласады.
Гөзал Айнитдинова жарыс жолынан шығып қалды. Ол жекелей сында әлемнің 170-ракеткасы, франциялық Хлоэ Пакеге жол берді - 6:7 (3:7), 0:6. Жұптық сында ресейлік Екатерина Маклаковамен бірге ресейліктер Виктория Дьяченко - Анастасия Тихоновадан ұтылды - 6:7 (5:7), 3:6.
Жібек Құламбаева Польша өкілі Мартина Кубкамен бірге тартысты матчта доданың екінші ракеткалары, оңтүстіккореялықтар Хан Лэ Хань - Су Джон Чанға есе жіберді - 3:6, 6:4, 3:10.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Гөзал Айнитдинованың Астанадағы жарыстың екінші айналымына өткенінжазған болатынбыз.
Сондай-ақ Александр Бублик Дубайда әлемнің жетінші ракеткасына жол берді.