Анна Данилина Францияда жарыс жолынан шығып қалды

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 56-ракеткасы Анна Данилина Лимож (Франция) челленджер турнирінің жартылай финалына шыға алмады, деп хабарлайды Kazinform.

Анна Данилина
Фото: Sports.kz

Жарыстың бірінші ракеткалары болып тіркелген А.Данилина мен ресейлік Александра Панова ширек финалдық кездесуін чехиялық Анастасия Детуич – нидерландылық Аранча Руспен өткізді.

Үш сетке созылған бәсекеде чехиялық-нидерландылық жұп 3:6, 6:2, 10:7 есебімен жеңіске жетті. Бір сағат 13 минутқа созылған матчта олар 3 эйспен бірге 2 брейк-пойнтты мүлт жіберген жоқ. Қазақстандық-ресейлік дуэт 2 эйс, 1 брейктен аса алмады.

Осылайша, Анна Данилина жарыс жолынан шығып қалды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық Григорий Ломакиннің Мысырдағы турнирдің ширек финалына шыққанын жазған болатынбыз.