Анна Данилина Гваладахарада өткен турнирде жеңіліп қалды
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстандық теннисші Анна Данилина Гваладахарада (Мексика) жекелей сынға арналған хард турнирде тұңғыш рет жарысқа шығып, жеңіліп қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz. сайтына сілтеме жасап.
Польшалық теннисші Магдалена Фрешпен болған кездесуде Данилина екі есепте 5:7, 3:6 ұпайымен жеңіліп қалды. Кездесу 1 сағат 28 минутқа созылды.
Кездесу барысында қазақстандық спортшының бірінші соққысы алаңнан тыс кетіп, ол 6 қателік жіберді. Сонымен қатар Анна Данилина 4 ұпай жинап, 3 гейм жасады.
Данилина осы уақытта WTA-ның жекелей сын бойынша рейтингінде 445-ші орынға табан тіреді.
Ойын турнирдің іріктеу сынының жартылай финалы кезінде өтті.