Анна Данилина Испаниядағы жарыстың жартылай финалына жолдама алды

данилина
Фото: instagram.com/_annadanilina_

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 56-ракеткасы Анна Данилина Лерида (Испания) челленджер турнирінің жартылай финалына шықты.

Жарыстың 3-ракеткалары болып тіркелген А.Данилина мен эстониялық Ингрид Нил ширек финалда жапониялық Нао Хибино — тайбэйлік Ву Фанг-Хсиенмен сынға түсті.

Қазақстандық-эстониялық дуэт 6:3, 6:3 есебімен жеңіске жетті.

Олар бір сағат 8 минутқа созылған бәсеке барысында 1 эйспен бірге 9 брейк-пойнттың алтауын пайдаланды. 

Хибино — Фанг-Хсиен 3 брейкпен (5 брейк-пойнт) көзге түсті.

Анна Данилина — Ингрид Нилдің жартылай финалдағы қарсыластары кейін белгілі болады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық теннисшінің Франциядағы турнирді сәтті бастағанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар