Анна Данилина Италиядағы жарыстың жеңімпазы атанды

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 57-ракеткасы Анна Данилина Бари (Италия) челленджер турнирінің жеңімпазы атанды.

Анна Данилина
Фото: ҚТФ

Жарыстың 1-ракеткалары болып тіркелген А.Данилина — ресейлік Ирина Хромачева финалда Италия өкілі Анджелика Морателли — мексикалық Рената Сарасуамен бас жүлдені сарапқа салды.

Қазақстандық-ресейлік жұп екі партияда айқын басымдылық көрсетті — 6:1, 6:3. Олар 1 сағат 5 минутқа созылған матчта 2 эйспен бірге 9 брейк-пойнттың бесеуін пайдаланды. Қарсылас дуэт 1 брейктен (5 брейк-пойнт) аса алмады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық теннисшінің Тунистегі турнирдің чемпионы атанғанын жазған болатынбыз.