Анна Данилина Қытайдағы WTA 1000 турнирінің финалына өтті

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 31-ракеткасы Ухань (Қытай) WTA 1000 турнирінің финалына шықты.

Анна Данилина
Фото: ҚТФ

Қазақстандық теннисші ресейлік Ирина Хромачевамен бірге жартылай финалда ресейлік Екатерина Александрова – чехиялық Катерина Синяковамен бақ сынасты.

Бірінші партияда қазақстандық-ресейлік жұп айқын басымдылық көрсетті – 6:1. Екіншісін де сәтті аяқтай білді – 6:4.

Бір сағаттан астам уақытқа созылған бәсеке барысында Данилина – Хромачева 3 эйспен бірге 8 брейк-пойнттың тең жартысын пайдаланды. Александрова – Синякова 3 брейк-пойнттың біреуін ғана өз есептеріне жазды.

Анна Данилина – Ирина Хромачева финалда америкалықтар Джессика Пегула – Айша Мухаммадпен чемпиондық атақты сарапқа салады. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Заңғар Нұрланұлының Шымкенттегі турнирдің чемпионы атанғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Алматыда теннистен ATP 250 жарысының жеребесі тартылды.

Соңғы жаңалықтар