Заңғар Нұрланұлы Шымкенттегі турнирдің чемпионы атанды

ШЫМКЕНТ. KAZINFORM - Шымкент қаласында жасөспірімдер арасында Shymkent Open ITF Juniors турнирі мәресіне жетті.

теннис
Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Жасөспірімдер арасында әлемдік рейтингіде 149-орында тұрған қазақстандық Заңғар Нұрланұлы финалда сербиялық Никола Йовичпен (95 ITF Juniors) чемпиондық атақты сарапқа салды.

Бірінші партияда есеп 5:4 болып, сербиялық теннисші сетке доп бергенде, Заңғар таразы басын теңестіріп қана қоймай, партияны өз есебіне жазды - 7:5.

Екіншісінде Заңғар Нұрланұлы айқын басымдылық танытты - 6:1.

Қазақстандық теннисші турнир барысында әлемдік рейтингіде өзінен жоғары тұрған спортшыларды, ал ширек финалда жарыстың бірінші ракеткасын тізе бүктірді.

Бұл - Заңғардың жекелей сында ITF Juniors додаларындағы төртінші титулы. Бұдан бұрын ол Измирде (J100), Түркияда (J30) және Трнавада (J30) жеңіске жеткен еді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Заңғар Нұрланұлының Шымкентте халықаралық турнирдің финалына шыққанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Анна Данилина Қытайда жарыстың 1-ракеткасын ұтып, жартылай финалға шықты.

Соңғы жаңалықтар