Алматыда теннистен АТР 250 жарысының жеребесі тартылды

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Теңіз деңгейінен 1 700 метр биіктікте орналасқан Аюсай үңгіріндегі визит орталығында Алматыда алғаш рет өтетін Almaty Open АТР 250 турнирінің жеребесі тартылды. 

Скатов
Фото: ҚТФ

Жеребеге қазақстандық Тимофей Скатов және мажарстандық Фабиан Марожан қатысты.
Жарыстың бірінші ракеткасы болып тіркелген америкалық Фрэнсис Тиафо доданы екінші айналымнан бастайды.

Тимофей Скатов алғашқы айналымда чехиялық Томаш Махачпен шеберлік байқасады. Александр Шевченко мен Бейбіт Жұқаев іріктеу сайысы жеңімпаздарымен кездеседі. 

Алматы
Фото: ҚТФ

Жеребе тартудың ресми бөлігінен кейін Тимофей мен Фабиан теннис ойнап көрді. Содан кейін қатысушылар Аюсай үңгіріндегі сарқыраманы тамашалады. 

теннис
Фото: ҚТФ

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Заңғар Нұрланұлының Шымкенттегі турнирдің чемпионы атанғанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар