Анна Данилина Ноттингем турнирінің бас жүлдесіне таласады

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 9-ракеткасы Анна Данилина Ноттингем (Ұлыбритания) WTA 250 турнирінің финалына шықты.

Анна Данилина
Фото: olympic.kz

Анна Данилина жапониялық Эна Сибахарамен бірге жартылай финалда жарыстың 1-ракеткалары, тайбэйлік Се Шувэй – қытайлық Чжан Шуаймен кортта кездесті.тайбэйлік-қытайлық жұп басымдылық танытты - 7:5.

Екіншісінде Данилина - Сибахара есе қайырды - 6:4. Содан кейін супер тай-брейкте жеңісті жұлып алды - 10:4.

Бір сағат 39 минутқа созылған бәсекеде қазақстандық-жапониялық жұп 2 эйспен бірге 7 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды.

Анна Данилина - Эна Сибахара финалға шығу үшін ресейлік Ирина Хромачева – мажарстандық Фанни Столлар немесе бразилиялық Беатрис Хаддад-Майя – германиялық Лаура Зигемунд жұптарының қай жеңгенімен таласады. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Берлин турнирінде Рыбакинаның әлемнің 1-ракеткасына есе жібергенін жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар