Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Анна Данилина Цинциннати жарысын жеңіспен бастады

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 6-ракеткасы Анна Данилина Цинциннати (АҚШ) WTA 1000 турнирінің екінші айналымына шықты.

Анна Данилина вышла в третий круг Уимблдона-2026
Фото: ҚТФ

Сербиялық Александра Круничпен бірге жарыстың 2-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші бастапқы кездесуін америкалық Энн Ли — даниялық Клара Таусонмен өткізді.

Қазақстандық-сербиялық жұп аса қиналмай, 6:4, 6:2 есебімен жеңіске жетті.
Бір сағат 6 минутқа созылған бәсекеде А.Данилина — А.Крунич 1 эйспен бірге 8 брейк-пойнттың үшеуін құр жіберген жоқ. Америкалық-даниялық дуэт 3 эйспен шектелді.

Анна Данилина — Александра Круничтің 1/8 финалдағы қарсыластары кейін анықталады.

Қазақстандық-сербиялық жұп осының алдында Торонто (Канада) WTA 1000 додасының алғашқы айналымында-ақ жеңіліп қалған болатын.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Соня Жиенбаеваның Испаниядағы турнирде тағы да чемпион атанғанын жазған едік.

Сондай-ақ Асылжан Арыстанбекова екінші рет қатарынан Астана турнирінде топ жарды.

Елена Рыбакина Цинциннати турнирінің үшінші айналымына шықты.