Анна Франктің күнделігі ЮНЕСКО-ның мұралар тізіміне енгізілді
АСТАНА. Шілденің 31-і. ҚазАқпарат - Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары концлагерьде қаза болған еврей қызы Анна Франктің күнделігі халықаралық мәдени мұра деп ресми танылды.
Күнделік ЮНЕСКО-ның «Әлем жады» мұралар тізіміне енгізілді.
Аннаның күнделігі - фашизмнің айуандығы туралы ең танымал және жүрек толқытар құжаттардың бірі. Ол әлемнің көптеген тілдеріне аударылып, басып шығарылған. Күнделіктің орыс тіліндегі нұсқасы «Пана» деп аталады. Алғашқы жазбаны Анна 1912 жылы маусымның 12-сінде, өзінің 13-ші туған күнінде жазған. Ал соңғы жазба 1944 жылы тамыздың 1-інде аяқталған.
Анна Франктің бүкіл отбасы, әкесінен басқаның бәрі фашистік концлагерьде қаза тапқан.