Анна Құдияровамен тікелей эфир: Карантин сынағы, отбасылық қарым-қатынас пен жалғыздықты еңсеру жайлы
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Психоаналитик Анна Құдиярова ҚазАқпараттың Instagram-дағы парақшасында тікелей эфирге шығып, оқырмандар сұрағына жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстандағы танымал психолог, Психоанализ институтының директоры Анна Құдияровамен өткен тікелей эфир барысында оқырман оқшаулану уақытындағы отбасы мүшелерінің арасындағы қарым-қатынасы, отбасылық ұрыс-керіс, жанжал, карантин уақытын тиімді пайдаланудың жолдары, адам үйде жалғыз қалған кездегі қиындықтар туралы сұрақ қойды.