Аннанның Сирияда жаңа үкімет құру туралы ұсынысына Ресей қолдау көрсетті

АСТАНА. 29 маусым. ҚазАқпарат - БҰҰ мен Араб елдері лигасының арнайы елшісі Кофи Аннан Сирияда бірыңғай ұлттық үкімет құруды ұсынды. Бұл бастаманы Ресей қолдады.
None
None

 «Русская служба ВВС» хабарлағандай, Аннанның ұсынысы жаңа министрлер кабинеті құрамына қазіргі үкіметтің өкілдерімен қатар, оппозиция өкілдерін де енгізуді көздейді. Дегенмен БҰҰ-ның арнайы уәкілі жаңа үкіметте оның беделін түсіретін ешкім болмайтынына сенімді. Ұсынысты басқа да әлемдік державалар қуаттады.

Айта кетейік, Аннанның бастамасы 30 маусымда Женевадағы Сирия мәселесі жөніндегі халықаралық кездесуде талқыланатын болады.

1tv.kz

Соңғы жаңалықтар