Аңсаған Мұстафа қазақы нақыштағы өз жейделерінің қытайлық көшірмесі қаптап кеткеніне алаңдаулы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Танымал суретші, иллюстратор Аңсаған Мұстафа Алматы базарларында өзінің қазақы нақыштағы жейделерінің қытайлық көшірмесі қаптап кеткеніне алаңдаулы. Ол бұл мәселені фейсбуктегі парақшасында жазды.
None
None

«Достар біздің футболкалардың подделкасын қытайлар жасап біздің Алматының барахолкасына әкеп сата бастапты. Матасы да нашарлау, бағасы да арзандау, суреті де солғындау... Не істеймін?», - деп жазады Аңсаған Мұстафа.

Еске сала кетейік, әлеуметтік желіде Аңсаған Мұстафаның әр жаңалыққа, көтерілген проблемаларға арнап салынған суреттермен қатар, көбіне өз суреттері арқылы қалың оқырманның назарын жаңа тақырыпқа аударып, тың мәселелердің басын қозғап келеді. Оның қазақ жастарына арнап салынған суреттері түрік, жапон, грузин, қырғыз, ағылшын, орыс және тағы да басқа оншақты тілдерге аударылып, әлемге тарады. Сонымен қатар, біраздан бері Аңсаған Мұстафа ұлттық нақышта, әртүрлі тақырыпта суреттер салынған өз футболкаларын интернет арқылы саудаға шығара бастаған болатын.

Сонымен қатар, А.Мұстафа бұған дейін Қытайға барып шеберлік сабағын өткізу туралы жоспары бар екенін де айтқан еді.

Соңғы жаңалықтар