«Аңсаған сәби»: Биыл атыраулық аналарға 232 квота бөлінді

БҚО-да 5 адам қаза тапқан жол апаты: кішкентай сәбидің жағдайы ауыр
Фото: pexels.com

АТЫРАУ. KAZINFORM — Атырау облысында соңғы үш жылда «Аңсаған сәби» бағдарламасымен балалы болғысы келетін отбасылар үшін 679 квота бөлінген. Ал, биыл сәби сүюді аңсағандарға 232 квота қаралып отыр.

«Экомед-Атырау» ЖШС клиникасының гинеколог-дәрігері, репродуктолог Құндыз Дәулетиярованың айтуынша, «Аңсаған сәби» бағдарламасының басты мақсаты — қосалқы репродуктивті технологияның көмегімен отбасылық-демографиялық мәселелерді шешуге жәрдемдесу.

«Елімізде 2021 жылдан бері бедеулікке қарсы «Аңсаған сәби» бағдарламасы іске асырыла бастады. Қазақстанда бұл процедура қолға алынғалы бері бала сүйген бақытты отбасылардың қатары көбейді. Бұл бағдарламаға 18-42 жасқа дейінгі әйелдер қатыса алады. Бағдарламаға қатысушы өзінің келісімімен арнайы консультациядан, медициналық тексеруден өтеді. Мұның бәрі міндетті «с-шара», - дейді Құндыз Дәулетиярова.

Оның дерегіне сүйенсек, Атырау облысына 2021 жылы — 233, 2022 жылы — 213 квота бөлінген.

Ал, былтыр атыраулық аналарға 233 квота ұсынылған. Алайда, квотаның 20-ы сұраныстың көптігіне байланысты Алматы облысына берілген.

«Былтыр Атырау облысында 213 квота игерілді. Бағдарламаның нәтижесінде 59 әйел бала көтерді. Алайда, 9 ана түсік тастады. Қазір 47 ана сәби күтіп отыр. Үш ана өмірге нәресте әкелді. Өзге аналар тиісті іс-шараларды қабылдап жүр», - деп мәлім етті Құндыз Дәулетиярова.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысында үш жылда 704 квота бөлінгенін жазған едік.

Соңғы жаңалықтар