Ансбахтағы жарылыстан кейін екі мыңнан астам адамды эвакуациялады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Германиядағы Ансбах қаласындағы болған жарылыстан кейін музыкалық фестивальға келген 2 мыңнан астам адам эвакуацияланды. Бұл туралы Бавария федеральды жерінің ІІМ ресми өкілі Reuters агенттігіне мәлім еткен.
Белгілі болғандай, кем дегенде 1 адам қаза тауып, тағы 9 адам жарақаттанған.
Nordbayern.de порталының ақпаратына қарағанда, жарылыс болған жерге жақын үйлер мен отельдердегі адамдар да көшірілген. Олардың саны айтылмай отыр.