Әнші Kalifarniya алаяқтардан сақ болуға шақырды

АСТАНА. KAZINFORM – Түркістан полицейлері белгілі әнші Фархат Қалиевпен бірге интернет-алаяқтықтың алдын алу үшін профилактика жүргізді.

Калифарния
Фото: instagram.com/kalifarniya

«Фархат тыңдармандар арасында «Kalifarniya» лақап атымен және «Qar», «Аспан», «Роза» сияқты әндерімен танымал. Өз кезегінде әнші, азаматтарды алаяқтардың түрлі айла-тәсіліне алданбай, сақ болуға шақырады», - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік,  Фархат «Харекет» қайырымдылық қорымен бірге «100 күнде - 100 баспана» атты қайырымдылық акциясын ұйымдастыруға атсалысып жүр. Еліміздің әр өңіріне концерттік бағдарламамен барып, баспанаға мұқтаж отбасыларына үй сыйлауға өз үлесін қосып келеді.