Әнші Рухия Байдүкенова «Құрмет» орденімен марапатталды

АСТАНА. KAZINFORM — Өнер иесі Қытайдың Иу қаласында өтіп жатқан Silk Way Star халықаралық музыкалық байқауының екінші маусымында Қазақстан атынан өнер көрсетіп жүр.

Әнші Рухия Байдүкенова «Құрмет» орденімен марапатталды
Фото: instagram.com/rukhiya.baiduken

Байқауға 12 елдің орындаушылары қатысып жатыр. Алғашқы кезеңде Рухия қазақтың халық әні «Бұлбұлды» орындап, жеңіске жетті.

Мемлекеттік награда алған әнші қолдау білдірген отандастарына алғыс айтты.

— Елімізді үлкен сахнада таныту үшін еңбек ете беремін. Баршаңызды Республика күнімен құттықтаймын! — деді Рухия Байдүкенова.

Бұған дейін Атырауда Президенттің атынан мемлекеттік марапаттар табысталғанын жазғанбыз.