Әнші Ақылбек Жеменей қызды болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Каспий» тобының мүшесі болған, «Қызыл өрік» атты хит әннің орындаушысы Ақылбек Жеменейдің отбасында үлкен қуаныш орын алды. Осы айда дүние есігін аттаған бөбектер қатарын Ақылбек Жеменейдің перзенті толықтырды.
Әнші қызды болды. Бұл - отбасының үшінші бөбегі, деп жазады baistars.kz.
Ақылбек Жеменей мен сүйікті жары Орынкүлдің жаңадан дүние есігін ашқан нәрестеден бөлек, Алаш және Әмина атты балалары бар.