Әнші Айқын Төлепберген тыңдармандарынан жаңа туған нәрестесіне есім таңдасуын сұрады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Танымал қазақстандық әнші Айқын Төлепберген екі баланың әкесі атанды. Жақында қызды болған ол қуанышты жаңалығын Instagram-дағы парақшасында жариялады.

Әнші Айқын Төлепберген тыңдармандарынан жаңа туған нәрестесіне есім таңдасуын сұрады

«РАХМЕТ, ЖАНЫМ!!! Қызды болдым! Атын кім деп қойсам екен?» - деп жазды ол әлеуметтік желіде. Бұған жауап ретінде әншінің жанкүйерлері сан түрлі қыз баланың есімдерін ұсынып жатыр.