Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Әнші Бейонсе үздік бейнебаян үшін Грэмми сыйлығын алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Әнші Бейонсе үздік музыкалық видео үшін Грэмми сыйлығын алды, деп жазады  «РИА Новости» агенттігі.

Әнші Бейонсе үздік бейнебаян үшін Грэмми сыйлығын алды

Аталған номинация бойынша сыйлыққа әнші Леон Бриджестің, Coldplay тобының, орындаушы  Джейми Экс-Экс және OK Go рок-ұжымының бейнеклиптері үміткер болған еді.

Марапат салтанатты шараның алдында тапсырылды.

Кәсіби музыканттарда жүлдені тағайындау идеясы 1957 жылы Лос-Анджелесте пайда болды, ол кезде Томас Эдисонның граммофонды ойлап тапқанына 80 жыл толуы атап өтіліп жатты. Жүлденің атауы («Грэмми») мен мүсіншенің формасының (алтын жалатылған граммофон) граммофонға ұқсайтыны да сондықтан.