Әнші Бүркіт әйелі үшін темекіден бас тартты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Әнші Бүркіт әйелі Аишаның өтінішімен темекі тастады. Бұл туралы әнші Pandaland.kz сайтына берген сұхбатында айтты, деп жазады baistars.kz.

Әнші Бүркіт әйелі үшін темекіден бас тартты

Әнші темекіні ұзақ жылдар бойы шегіп келген екен. Алайда Аишаның «Темекіні тасташы» деген өтінішін аяқ асты етпей, шылым шегуді бірден қойып кеткен екен.
«Ол менің темекі қойғаным оған керемет сый болатынын айтты. Бұған дейін жылдар бойы темекі шегіп келсем де мен бірден қойып кеттім. Әйелім үшін қоя салдым» - дейді әнші.
Бұған Аиша қатты қуанып жүрген көрінеді.
«Үстіңнен темекінің иісі шықпайтын болды», - деп әйелім қуанып жүр дейді Бүркіт. Алайда, бұл сыйлық Аишадан бұрын, өзіне пайдалы екенін айтты.