Әнші Джек Ингрэм бір тәулікте 215 сұхбат беріп, рекорд орнатты
АСТАНА. Тамыздың 27-сі. ҚазАқпарат - «Кантри» стилінде ән айтатын американдық әнші Джек Ингрэм жаңа әлемдік рекорд орнатты: ол 24 сағаттың ішінде 215 сұхбат берді,
деп хабарлайды ИТАР-ТАСС агенттігі.
Бұған дейін мұндай жетістік ешкімнің қолынан келмеген, деді рекордты растаған Гиннестің Рекордтар кітабының өкілі Лаура Планкетт.
39 жастағы әншінің "Биг дримс энд хай хоупс" деп аталатын кезекті альбомы «кантри» әуесқойларын қатты дүрліктірді. Әнші Нью-Йорктегі Бруклин көпірінің астында сейсенбі күні таңғы 8.00-ден сәрсенбі күнгі таңғы 8.00-ге дейін жалғасқан нағыз марафон ұйымдастырды. Әнші телефонмен АҚШ-тың 50 штатындағы, Канада, Ирландия және Австралия елдеріндегі радиостанса бағдарламалары жүргізушілерінің сауалдарына жауап берді.
Баспасөз, Ингрэм 24 сағатта 96 сұхбатты құраған бұған дейінгі рекордты жаңартты деп жазуда. «Осы тәуліктен кейін менің ресми айтатын ешнәрсем қалған жоқ», дейді әнші.