Әнші Ибрагим Ескендір бокстағы төртінші жеңісіне қол жеткізді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада қазақстандық боксшы Бейбіт Шүменов пен Хизни Алтункай арасындағы айқастың андеркарты басталып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әнші Ибрагим Ескендір бокстағы төртінші жеңісіне қол жеткізді

Андеркарттардың легін қазақстандық боксшы әрі әнші Ибрагим Ескендір мен қазіргі уақытта Ресейдің атынан шығып жүрген Серік Әжібаев ашты. Бокс көрермендері ұзақ текетірес болар деп күткен. Алайда көрермендердің күткені болмады.

Әжібаев айқасқа дайын болмай шықты. Алғашқы секундтардың өзінде бұрышқа шегіне берді. Ибрагим Ескендір қарсыласының осы олқылығын сәтті пайдаланып, бүйір тұсынан ауыр соққылармен қарсыласын тығырыққа тіреді. Қайталанған бірнеше соққыдан кейін Әжібаев тізерлеп отыра қалып, айқасты ары қарай жалғастыра алмайтынын білдірді. Қазақстандық әнші әрі боксшы осылайша кәсіпқой бокстағы төртінші жеңісіне қол жеткізіп отыр.