Әнші Қ.Әбілдина Әйелдер ісі жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі болды
«Өздеріңізде білетіндей, Мемлекет басшысының 2014 жылдың 4 желтоқсанындағы Жарлығына сәйкес ұлттық комиссияның құрамына өзгерістер енгізілді. Мемлекет басшысының тапсырмасына орай жаңа құрам айтарлықтай нығая түсті. Оның құрамына заңнамалық биліктің, азаматтық қоғамның өкілдері, өнер қайраткерлері, ұлттық компаниялардың, Ұлттық экономика министрлігінің өкілдері кірді. Сонымен қатар комиссия ережесіне өзгертулер енгізілді», - деді Г.Әбдіқалықова.
Осыдан кейін Мемлекеттік хатшы ұлттық құрамына кірген жаңа мүшелерді таныстырды. Оның айтуынша, бұған дейін комиссия құрамында болған Мәжіліс депутаты Елена Тарасенко мен Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ләззат Сүлеймен алдағы уақытта Ұлттық комиссия төрайымының орынбасарлары болады. Комиссия хатшылығына «Делевой мир» журналының редакторы Шолпан Сыздықова тағайындалып отыр.
Ал комиссия құрамына кірген жаңа мүшелер мыналар: әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Қарақат Әбілдина, ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Мәдина Әбілқасымова, Сенат депутаты Михаил Бортник, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ-ның баспасөз хатшысы Айгүл Мүкей, «Бауыржан» қайырымдылық қорының негізін салушы, Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің орынбасары Жұлдыз Омарбекова.