Әнші «Қапқарашка» Еуровидениеге баруы мүмкін

Келесі жылы-ақ Еуровидениеде Қарағанды облысының тумасы, халық арасында «Қапқарашка» лақап атымен танымал Нұржан Керменбаев ән шырқауы мүмкін. Бұл туралы НТК телеканалына сілтеме жасап Total.kz хабарлады.
«Қапқарашка» байқауға қалай түсе алатындығы нақтыланбайды. Атап өтейік, «Еуровидениеге» қатысуға өтінім беру үшін Қазақстанға кем дегенде Еуропалық хабар тарату одағына мүше елдердің қатарына ену керек.
23 жастағы әншінің өзі «Еуровидениені» көптен бері бағындыруды армандағанын айтады. Еске салайық, 2006 жылы Нұржан "Superstar.kz-3" танымал тележобасының жеңімпазы болды. 2009 жылы Юрмалада өткен «Жаңа толқында» ел намысын қорғап, 14-інші орынға ие болды. Қазіргі уақытта Салтанат Бақаевамен бірге «Арнау» дуэтінің қатысушысы.
«Еуровидение-2013» Швецияның Мальме қаласында 14-18 мамыр аралығында өтеді. Байқауға қатысуға өтінімдерін қырықтан астам мемлекет беруге ниетті.