14:32, 06 Шілде 2013 | GMT +5
Әнші Луина Астананың мерейтойына арнап ән шығарды
АСТАНА. 6 шілде. ҚазАқпарат - Әнші Луина Астана туралы әнін Елорданың мерейтойына тарту етті.
Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында әншінің өзі айтты.
Сондай-ақ, оның айтуынша, бұл әнге жуырда бейнебаян түсірілмек.
«Маған Астана өте қатты ұнайды. Мұнда жиі келіп тұрамын, әр келген сайын елорда ыстық ықыласпен күтіп алады. Бұл әнім Астананың 15 жылдығына арнаған тартуым», - деді әнші.