Әнші Луина дәмханаға келіп, шотты төлей алмаған қос ғашықты қонаққа шақырды
Оқиға былайша өрбіген. Кеше қазақстандық әншіге тиесілі дәмханалардың біріне болашақ қалыңдығымен бірге белгісіз жігіт келген. Ол шотты төлеуге ақшасы жетпеген соң, жартысын төлеп, отырған жеріне хат жазып қалдырған.
«Осы әрекетім үшін кешірім сұраймын... Шотты төлеуге 2500 теңге жетпей қалған соң, не істерімді білмедім. Бірақ, мен қайтып келіп, міндетті түрде төлеймін. Уәде беремін. Менің қасымда болған қыз - менің болашақ қалыңдығым. Оның алдында абыройымды төккім келмеді. Мені түсінесіздер деп ойлаймын», - делінген хатта.
Хатты әлеуметтік желідегі парақшасына жариялаған Луина бұл жағдайға түсіністікпен қарайтынын жеткізіп, қос ғашықты романтикалық кешкі асқа шақырмақ.
«Бұл жағдайға үлкен түсіністікпен қараймыз. Кешірім сұраудың, тіпті жетпей қалған ақшаны төлеудің де қажеті жоқ. Болашақ қалыңдығыңызбен бірге біздің дәмханаға тағы да келіңіз: сіздерді романтикалық кешкі асқа шақырамын. Маған хабарласуыңызды сұраймын», - деп жазды әнші.
Обычно я не вмешиваюсь во внутренние дела наших заведений, но пройти мимо этого случая я реально не cмогла. Вчера к нам в @novacafekz пришла молодая пара, они посидели, потом парень, понимая, что не хватает денег, оставил часть суммы и записку официанту. Обращаюсь к молодому человеку: Мы с большим пониманием относимся к вашей ситуации. Не нужно извиняться и тем более приносить деньги, лучше приходите к нам со своей будущей невестой еще раз: мы дарим вам романтический ужин на двоих. Ситуации бывают разные) Не стесняйтесь, напишите мне в директ.