Әнші М. Исабекова Sunsilk сауда белгісінің бет-бейнесіне айналды

АЛМАТЫ. Наурыздың 16-ы. ҚазАқпарат /Ернар Бекен/ – Бүгін Unilever компаниясына қарайтын Sunsilk сауда белгісінің «Өмір тоқтамайды. Стиліңді өзгерт - әлемді өзгерт» атты шарасы басталды. Белгілі қазақстандық әнші Мақпал Исабекова осы жобаның бет-бейнесі болып жарияланды,

Әнші М. Исабекова Sunsilk сауда белгісінің бет-бейнесіне айналды
деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Бұл жоба қазірде әлемнің бірқатар елдерінде басталып кетті. Келбетті қаншалықты өзгерте алатындықтарын дәлелдеу мақсатында Мадонна, Шәкира секілді белгілі жұлдыздар осы жобаның бейнесіне айналып та үлгерді. «Өмір тоқтамайды. Стиліңді өзгерт - әлемді өзгерт» атты науқанның мақсаты - қыз-келіншектерге ұялшақтық пен өзіне деген сенімсіздіктен арылуға көмектесу», - дейді Unilever өкілдігінің басшысы Хакан Харманкая. М. Исабекованың продюсері әншінің шығармашылық өміріндегі өзгерістерге де тоқталып өтті. Оның айтуынша, бүгінде Мақпал жаңа ән жинағын тыңдармандарына ұсынуға дайындалуда. Альбом мамыр айында жарық көреді деп жоспарланып отыр. Сондай-ақ қазақстандық әнші қыз ресейдің Сергей Жуков, Доминик Джокер секілді танымал музыкалық продюсерлерімен бірге жұмыс істеп, жаңа әндер жазуда. Айта кетер жайт, әлемдегі косметика шығаратын ірі компаниялар қатарына жататын Unilever тарихы 19 ғасырдан бастау алады. Бүгінде оның құрамына Sunsilk, Rexona, Timotei, Dove, Axe, Domestos, Lipton, Brook Bond, «Беседа», Calve, Rama, «Пышка», Knorr, Bertolli секілді сауда маркалары кіріп отыр.