Әнші Мақпал Исабекова: «Өмірде әлі сағым сынған жоқ»

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның эстрада әншісі Мақпал Исабекова өнер жолына түсуіне себеп болған «Super Star» жобасына анасының ақылымен келгенін жеткізді. Ол туралы әнші baistars.kz сайтына берген сұхбатында айтқан.

Әнші Мақпал Исабекова: «Өмірде әлі сағым сынған жоқ»

«Менің өнер жолына келуім «Super Star» жобасынан басталды. Мен бұл жобаға өз еркіммен келмес едім. Өйткені, өз-өзіме аса сенімді болған жоқпын. Жобаға барып, кейін әнші боламын деген ой болған емес. Ал анам болса сол кезде маған келіп «жоба болайын деп жатыр екен, әділ-қазылар алқасында Батырхан отырады. Бәрі ашық, айқын өтетін шығар. Сол жобаға барайық» деп ұсыныс айтқан болатын. Содан кейін жобаға келдім», -дейді әнші.

Мақпалдың айтуынша, ол өзінің әнші болатынын кішкентай күнінен сезген. «Мен мектепте оқып жүрген кезімде ән айтатынмын. Сонда сыныптастарым, достарым маған үнемі «сен неге музыкалық мектепте оқымайсың? Неге музыкадан сабақ алмайсың?» деп айтатын. Сол кезде мен міндетті түрде әнші боламын. Мен оны сеземін, білемін. Бірақ маған әнші болу үшін ондай оқу керек емес дейтінмін», деп еске алады ол. -Ең басты жетістіктерім әлі алда. Өмірімде осы уақытқа дейін сағым сынған кездер болмады. Бұл мен үшін маңызды, - деп сөзін қорытқан әнші сұхбатында.