Әнші маймылды ел аумағына әкелгені үшін 8 мың еуро төледі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Неміс билігі елге құжаты жоқ маймылды кіргізгені үшін Джастин Биберден сегіз мың еуро өндіріп алды.
Айыппұлдың сомасы 2100 еуроны құрады, алайда әнші аталған тіршілік иесін емдету үшін тағы шамамен алты мың еуро төледі. Ветеринарлардың көмегі қандай себеппен керек болғаны әзірге анықталмай отыр.
Бибер өткен аптаның соңында айыппұлды төледі, деп жазды Lenta.ru.
Еске сала кетейік, оқиға 2013 жылдың наурызында орын алған. Әншіні Мюнхен әуежайында кеден қызметкерлері ұстаған.