Әнші Мэрайя Кэри Брюссельде өнер көрсетуден бас тартты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Америкалық әнші Мэрайя Кэри Бельгия астанасындағы лаңкестік оқиғалардан кейін Брюссельде өнер көрсетуден бас тартты.
"Маған көрермендердің, менің тобымның, көмекшілерімнің және осы турға қатысатын барлық адамдардың қауіпсіздігі үшін концерттен бас тарту кеңесін берді", - деп жазды әнші өзінің твиттерінде.
Кэри концерті 27 наурызда, жексенбі өтеді деп жоспарланған.