Әнші Рано Омарова ұлды болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Нәзік дауысымен танылып, өзін актерлік қырынан да сынап көрген Рано Омарова ұлды болды, деп хабарлады Baistars.kz.

Әнші Рано Омарова ұлды болды

Сүйінші хабарды әлеуметтік желілерде әріптестері Дильназ Ахмадиева мен Мақпал Исабекова таратты.
Алматы қаласының перзентханаларының бірінде жатқан әншіні әріптестері мен туған-туысқандары жарыса құттықтады.
Айта кетейік, Рано Омароваға осы жылдың 5 наурызында сырға салынған. Әнші жеке өмірін әрдайым құпияда ұстап келеді.