Әнші Роза Әлқожа көлік апатына ұшырады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық әнші-сазгер Роза Әлқожа көлік апатына ұшырады. Бұл туралы әнші өзінің Инстаграмдағы парақшасында хабарлады.
None
None

«Қайырлы кеш! Достар, уайымдамаңыздар! Бізде бəрі жақсы! Аллаға шүкір, өзіміз аманбыз! 1 желтоқсаннан ауған түні жол апаты болған еді. 2-не қараған түні алдымыздан үш жылқы шығып қалып, əрең тоқтадық... Көлігіміз жарамсыз болып өртенсе де, өзіміз қалғанымызға қуандық! Аллаға сансыз мадақ! Көрер жарық көп болсын! Сотрясение мозга деген шамалы диагноз бар. Жатып демалу қажет екен. Əзірге үйдеміз. Уайымдап хабарласып жатқандарға рахмет! Алаңдамаңыздар!» - деп жазды әнші парақшасына. 

Айта кетейік, осыған дейін қазан айында Қайрат Нұртас та көлік апатына түскенін хабарлаған болатынбыз. Белгілі болғандай, ол кезде де  жол апатына  жылқылар себеп болған. 

Қайырлы кеш! Достар, уайымдамаңыздар! Бізде бəрі жақсы! Аллаға шүкір, өзіміз аманбыз! 1-желтоқсаннан ауған түні жол апаты болған еді. 2-не қараған түні алдымыздан үш жылқы шығып қалып, əрең тоқтадық... Көлігіміз жарамсыз болып өртенсе де өзіміз қалғанымызға қуандық! Аллаға сансыз мадақ! Көрер жарық көп болсын! Сотрясение мозга деген шамалы диагноз бар. Жатып демалу қажет екен. Əзірге үйдеміз. Уайымдап хабарласып жатқандарға рахмет! Алаңдамаңыздар!

Фото опубликовано РОЗА ƏЛҚОЖА (@roza_alkozha01) Дек 5 2016 в 6:52 PST

Соңғы жаңалықтар