Әнші Роза Бағланова тұрған үйге мемориалдық тақта қойылды

МАТЫ. 25 тамыз. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Роза Бағланова ұлтымыздың мақтанышы еді. Мәскеуде жұртшылық оның концертіне кіру билетін алу үшін үлкен кезекте тұратын. Бұл жөнінде бүгін Алматыда КСРО мен ҚазССР-нің халық әртісі, Халық қаһарманы Р.Бағланованың тұрған үйіне мемориалды тақтаның қойылу рәсімі кезінде Қазақстанның халық әртісі Сара Тыныштығұлова айтты.

Әнші Роза Бағланова тұрған үйге мемориалдық тақта қойылды

Біртуар әншінің тұрған үйіне ашылған мемориалды тақтаның ашылуына оның туған-туыстары, өнеріне табынушылар мен достары келіп, өнер иесін еске алды.

1922 жылы Қызылорда облысында туған әнші 1941 жылы Қызылорда педагогикалық институтын бітіреді. Оның шығармашылық жолы Ұлы Отан соғысы жылдары басталған. 1945 жылы 9 мамырда Берлиндегі жеңіс концертіне қатысқан. 1947-1949 жж. Абай атындағы қазақтың мемлекеттік академиялық опера және балет театрында істейді. 1949 жылы Бухарестте өткен бүкіл дүниежүзілік жастар мен студенттердің 2-фестивалінің лауреаты атанды. 1949-1960 жж. Жамбыл атындағы Республикалық филармонияда жұмыс істейді. 1960 жылдан Қазақконцерт солисі. Роза Бағланова сирек талантты әнші, әлем халықтары әндерін шебер орындаушы. Ол бүкіл Қазақстанда, КСРО-ның бұрынғы республикаларында, шетелдерде болып, Отан, махаббат пен достық, адам мен табиғат туралы әндерді шырқады. Гастрольдік сапарға шығарда Р. Бағланова міндетті түрде сол баратын елінің тіліндегі әнді үйренеді. Бірақ, қазақтың халық әндерін оның орындауында тыңдау ләззатына ештеңе тең келмейді.