Әнші Сара Брайтман ғарышқа ұшпақ

АСТАНА. 11 қазан. ҚазАқпарат - Британдық әнші Сара Брайтман ғарыштық турист ретінде Халықаралық ғарыш стансасына ұшатынын мәлімдеді, деп хабарлады Утро.ру.
None
None

Бұл туралы ол Мәскеуде өткен баспасөз мәслихатында айтқан.

«Мен ғарышқа ұшыру жобасына қатысуды жоспарлап отырмын және жақында Ресейғарыш бұл байламымды қуаттады. Енді мен ұшуға әзірленуге тиіспін, ал оның жай-жапсары таяу кездері Ресейғарыш пен Халықаралық ғарыш стансасы бойынша әріптестердің келісуімен белгілі болады», - деді Брайтман.

Соңғы жаңалықтар