Әнші Шәкизада әже болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық танымал әнші Шәкизада әже болды.
Өнер жұлдызының ұлы Олжас былтыр үйленгенде ол: «Келінім өзіме қатты ұқсайды, қызым сияқты», деп қуанған болатын.
Жас әже осы жолы да: «Немерем өзіме ұқсайды, күндіз ұйықтап, түнде ояу жүреді. Соған қарағанда әнші болатын шығар. Бойы 57 см, мүмкін модель болар»,- дейді толқып. Сәбидің де, анасының да денсаулықтары жақсы. Шәкизада немересіне Кәусар деп ат қойыпты, деп хабарлады gakku.kz.