Әнші Валерия адамдарды құлдыққа сатумен күресуге қомақты қаржы аудармақ

НЬЮ-ЙОРК. Сәуірдің 8-і. ҚазАқпарат /Әлия Алтынғазина/ - Біріккен Ұлттар Ұйымының Ізгілік елшісі ресейлік әнші Валерия өзінің жаңа әндерінен түскен табысты адамдарды құлдыққа сатумен күресу жөніндегі жобаларға аудару ниетін жария етті,

Әнші Валерия адамдарды  құлдыққа сатумен  күресуге  қомақты  қаржы аудармақ
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Миграция жөніндегі халықаралық ұйымның хабарлауынша, бұл қаржы құлдықтың құрбаны болған 327 адам емдеуден өткен Мәскеудегі оңалту орталығын қаржыландыруға жұмсалады. Валерияның «Back to love» деп аталатын жаңа әні «Еуровидение» конкурсының іріктеу кезеңінде орындалған болатын. Құлдықпен күресуге арналған сингл сәуірдің 27-сінде Ұлыбританияда сатылымға түседі. Валерия БҰҰ-ның Ізгілік елшісі атағына адамдарды құлдыққа сатудың ауқымы туралы жария ету ісіне қосқан қомақты үлесі үшін 2008 жылдың тамыз айында ие болған еді.