Әнші Витас Мәскеудің солтүстігінде велосипедшіні қағып кетті
АСТАНА. 11 мамыр. ҚазАқпарат - Әйгілі әнші Витас Мәскеуде қара Infiniti көлігімен 28 жастағы әйелді соғып кетті.
ЖКО 10 мамыр күні шамамен сағат 18.30-да астананың солтүстік-шығысында БКО-ның аумағында орын алды, - деп хабарлайды Росбалт.
Оқиға болған орында жедел жәрдем қызметкерлері және МЖҚҚИ инспекторлары жұмыс істеді. Әншіні оқиғаның мән-жайын анықтау кезінде ұстады.
«Апат әнші Витас БКО-ның бас алаңымен жүріп келе жатқан кезде орын алды. Автокөлікке оң жақтан велосипед тепкен қыз қарама-қарсы шықты, - деп хабарлады LifeNews дереккөздері құқық қорғау органдарында. - Витас жол-көлік оқұиғасының алдын ала алмады, алайда баяу жылдамдықпен жүруіне байланысты велосипедші ауыр зақым алған жоқ».
Спортшының аяғы сынып, ауруханаға жеткізілді.
Metroның мәліметтеріне қарағанда, әнші ЖКО орнынан із суытқан. Қыздың танысының хабарлауынша, тоқтау туралы өтіну кезінде әнші қаруын көрсетіп, кетіп қалған.