Әншілер қымызды насихаттайтын жаңа эстафета бастады - ВИДЕО

АСТАНА. ҚазАқпарат - Әнші, сазгер Заттыбек Көпбосынұлы қымызды насихаттайтын жаңа эстафета ойлап тапты. "Қымызмұрындық" деп аталатын бастамаға қатысқан адамдардың ән салып, қымыз ішіп отырғанын көруге болады, деп жазады massaget.kz.
None
None

Әнші кезекті МузАРТ тобының әншілері Мейрамбек Беспаев, Сәкен Майғазиев, Кенжебек Жанәбілов, айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева және жүргізуші Асхат Садырбайларға аманаттап тапсырды. "Қымызмұрындық" эстафетасының шарты бойынша, кезекті алған қазақстандық әншілер қымыз ішіп отырған сәттерін видеоға түсіріп, оны ғаламторға таратуы керек. Бұл арқылы олар қазақтың ұлттық сусынын насихаттайды екен.

Заттыбек Көпбосынұлының "Қымызмұрындығы" айтыскер ақын Ақмарал Леубаеваның киіз үйінде өтті. "Қазақта Қымызмұрындық деген мереке бар. Бірақ ол алғаш көкке қол жеткенде, биені алғаш сауған кезде болатын дәстүр. Ал бұл жердегі негізгі мақсат - қымызды қай кезде де ішуге болатынын насихаттау", - дейді идея авторы.

Соңғы жаңалықтар