Аңшылық байлардың ермегі, сондықтан аң ату бағасын көтеру қажет – Мәжіліс депутаты

АСТАНА. KAZINFORM — Аңшылық арзан ойын-сауық емес, жауапты таңдау болуы тиіс. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында депутат Елнұр Бейсенбаев айтты.

Аңшылық байлардың ермегі, сондықтан аң ату бағасын көтеру қажет – Мәжіліс депутаты
Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

— Жануарлар әлемін пайдалануға арналған төлемдердің мөлшерін мың есе көтеру қажет деп санаймын. Қарапайым мысал — қоян аулау. Аңшылықтың қазіргі құны не бәрі 117 теңге. Дүкендегі бір бөтелке судан да арзан. Ал бұл ретте оқ 500 теңге тұрады. Мұндай жағдай халықтың табиғатқа менсінбей қарауын қалыптастырады. Сонымен қатар бізге таяу елдерден шетелдік туристер келіп, заңды түрде тыйым салынбаған жануарлар әлемін тиын-тебенге атады, — деді депутаты жаңа Салық кодексін талқылау барысында.

Осы орайда ол жағдайды өзгертетін уақыт жеткендігін баса айтты.

— Аңшылық арзан ойын-сауық емес, жауапты таңдау болуы тиіс. Аңшылық — бұл байлардың ермегі. Сондықтан Үкіметке барлық бағаны қайта қарап, бюджетке түсімді арттыруды өтінемін. Аталған кластерді элиталы қызмет элементтерімен халықаралық деңгейге дейін дамытуға болады. Мысалы, Африкада аңға шығу елдің жалпы ішкі өнімінің айтарлықтай бөлігін толтыратын өте қымбат туризм. Мәселен, Африка арыстан ату 60 мың доллар тұрады, — деді Елнұр Бейсенбаев.

Айта кетейік, бүгін Премьер-министрдің орынбасары Мәжілістің жалпы отырысында Салық кодексінің жобасындағы соңғы өзгерістерді атады.

 

Соңғы жаңалықтар