Аңшы иті иесінің өліміне себепкер болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Пермь өлкесінде жазатайым оқиғаның салдарынан аңшы қаза тапты, деп хабарлайды LifeNews.
Аңға шыққан жергілікті тұрғындардың бір тобы демалу үшін тоқтаған. Ер адамдардың бірі өзінің мылтығын оқтаулы күйінде ағаш түбірінің қасында қалдырып кеткен. Қасында түртінектеп жүрген иті кездейсоқ шаппалы механизмге тиіп кеткен. Атылған мылтық оғы ит иесінің мойнына тиіп, ол оқиға орнында ажал құшты.
Аңшының өлімі фактісімен қылмыстық іс қозғалды, тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Полицейлер оқиғаның болуы мүмкін барлық нұсқаларын тексеруде - олар шаппалы механизм ит әрекетінен іске қосылғанына толық сенбей отыр. Бұған аңшылардың кінәні итке жаба салған жазатайым оқиға болуы мүмкіндігі де тексерілуде.