Аңшы мұз ойығына түсіп кеткен қабандарды жалаң қолымен суырып алды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ержүрек аңшы мұз ойығына түсіп кеткен үш қабанды құлағынан тартып, суырып алды. Оның достары түсірген бейнежазбаны «360» телеарнасы жариялады.
«Өзіміз түсіп кетпейміз бе? Менің ойымша, бұл қабандар. Аңшылық деп осыны айт! Эй, біз сендерді құтқаруға бара жатырмыз!» - дейді аңшылар.
Кадрда үш жабайы аңның мұз құрсауына түсіп кетіп, өздігінен шыға алмай жатқаны айқын көрінген. Мұзға жақындаған аңшы қабанның құлағынан ұстап, судан шығарады. Әрине, жабайы доңызды жіберуге асыққан жоқ.
«Мені фотоға түсір! Ұстап алдым! - деп аңшы бірнеше фотоға түсіп, қабанды босатты. Аман қалған қабан қамыс арасына кіріп кетті.
Екінші қабанды да аңшы еш қиындықсыз құтқарды. Ал су ішіндегі үшінші қабан аңшыға шабуыл жасап, өзін құтқаруына мүкіндік берер емес. Дәл осы сәтте бейнеролик үзіледі және оның қайда, қашан түсірілгені белгісіз.