Аңшы жолбарыстың құрбаны болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Приморье өлкесіндегі ну орманда егде жастағы аңшының мүрдесі табылды. Ол жолбарыстың құрбаны болды деген болжам бар.
None
None

Бұл туралы ІІМ өлкелік басқармасының баспасөз қызметінен хабарланды.

75 жастағы аңшының мүрдесін өлкенің Красноармейск ауданындағы Арму өзенінің маңынан қорықшы тапқан. Мәйіттің жанында жолбарыстың іздері болды.

Оқиға орнына жедел-тергеу тобы шықты. Полицейлер қарттың қаза болу себептерін анықтауда, криминалистік сараптамалар тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар