Анталья-Ақтөбе бағытындағы ұшақтың шассиіне құс кіріп кеткен

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін FlyArystan компаниясына тиесілі Анталья-Ақтөбе бағытындағы КСХ 7820 рейсі қонатын кезде Аirbus A320 ұшағының шассиіне құс кіріп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Эйр-Астана әуе компаниясының баспасөз қызметі.

Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, әуе кемесін тексеру үшін Алматыдан арнайы инженер жіберілді.

Осы оқиғаға баланысты Ақтөбе-Атырау бағытындағы КС 7292 рейсі алдын ала мәліметтер бойынша 3 сағат 50 минутқа, Атырау-Ақтау-Атырау бағытындағы KC7275/7276 рейсі 15 сағатқа кешігеді.

Жыл басынан бері Air Astana компаниялар тобының ұшақтары 99 рет ұшаққа соғылды.


Соңғы жаңалықтар